Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімінің жаныңдағы Сараба ауылының"Балапан балабақшасы" МҚКК
ГККП "Детский сад Балапан" с. Сараба при отделе образования по Аршалынскому району управления образованмя Амолинской области

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Даярлық сұлтаны.

24.09.2020

Даярлық  сұлтаны.

 

Мақсаты: Жас ұрпақтың бойына патриоттық сезім  ұялату. Отанға, туған елге деген сүйіспеншіліктерін  қалыптастыру. Төзімділікке , тапқырлыққа,  ептілікке,  алғырлыққа  баулу. Сөздік  қорларын,  сөйлеу  тілдерін  дамыту.

Эстетикадық талғамдарын  қалыптастыру.

Түрі: Сыныптан  тыс  іс шара.

Өтілу  орны:Мерекеге  сай  акт  залы.

Басталуы: Музыка  әуенімен  ортаға  тәрбиеші  шығады.

Тәрбиеші: Құрметті  ата -аналар,  апайлар  Жеңіс  марекесіне  орай Қазақстан  Республикасының қарулы  күштері  күні  мерекесіне  орай  ұйымдастырып  отырған ертеңгілікке және  «Даярлық  сұлтаны» сайысына  қош  келдіңіздер.

Егемен  еліміздің  ертеңі бүгінгі  бүлдіршін!

Тәуелсіз  Қазақстанның  болашағы  кемел,  іргесі  бүтін  ел  болып  қанатын  кеңге құлаштай  сермеу  үшін  патриоттық  тәрбиені    бүлдіршіндердің  санасына сіңіруді осы кезден   бастаған дұрыс.

-----------  Музыкамен балалар ішке кіреді.

-------  ән:

 

Сайыс  болған  соң  әділқазыларды  сайлап алайық. (Әділқазылар  сайланады)

Сонымен  ортаға  сайысқа  қатысатын  сұлтандарымызды  шақырайық:

 

Ержүрек  батыр  елдің  ұрпағымыз,

Биікке  қанат  қағар  сұңқарымыз.

Намысты,  от  жүректі,  мың  өнерлі,

Даярлық  тобындағы  ұлдарымыз!

 

Тұрмайды босқа қарап олар текке,

Өнерін көрсетеді мынау көпке .

Ел қорғайтын ертеңгі сарбаз олар ,

Көрермен  сұлтандарды  қошеметте!

 

Өнерлі  бойларында  тасыған    кішкентай  серілерге  қошамет  көрсетіп  қояйық.  Сонымен  сайысымыз 4 бөлімнен тұрады.

 

1. Таныстыру

2 .Серілер  өнері          ( ән )

3. Білімді  мыңды  жығар ( сурет бояу, фазыл құрау, аппликация жапсыру )

4. Спорттық  сайыс  (қол күрес, асық ату, боулинг лақтыру)

-- би:  Қыздар тобы; «Катюша »

Олай болса , осындай  керемет көңілмен  сайысымызды бастайық

 

Бірінші  бөлім «Таныстыру»

/Әрқайсысы  өздерін   таныстырып   шығады,  ұпай  саны   көрсетіледі  /

-------------

II.Асыл  сөзді  даналықтан   терейік,

Сұлтандарға  әділ   баға  берейік .

Әділқазы   әділ   баға  көтерсін ,

/Өз  өнерлерін  көрсетеді,  ұпай  сандары  беріледі.

 

  III. Мерекеде жақсы тілек айтайық ,

Бір дем алып үйімізге қайтайық.

Шеттерінен сұлтандарым өнерлі

Ал енднше, білімдерін байқайық!

/Киіз үйдің  ішіне  сұрақтар  алады,  тәрбиеші  оқып  береді,балалар сол сұрақтарға жауап қайтарады/

 

IY. Бойларына бар өнерді жыйып келген,

Қылығына  тәп-тәтті сүйсіндірген

Ал енді, менің қайсар сарбаздарым,

Бақ сыныйды спорттық мың өнерден-деп келесі кезекте сайыскерлер «Спорт түрлерінен» бақ сынайды

1-Қазақтың ұлтық ойыны асық ату

2-боулинг ойыны

3-қол күре

 

Тәрбиеші: Құрметті ата-аналар көрермендер!  Сайысымызды  өз мәресіне жетті. Әділқазылар шешімдерін шығарып «Сегіз қырлы, бір сырлы»  даярлық сұлтандарын  тауып сарыалағанша  біздің өнерлі балғындармыз сіздерге би  билеп береді

Ән: Балдырған тобы: Тәуелсіз елдің ұланы

Тәрбиеші:

Қасиеті қазақтың ұл- қыздары.

Жарқылдар әлі талай жұлдыздары ,

Көрінер-әлі ақ өнер биігінен.

Бақытты бала шақтың жұлдыздары ,

Құтты болсын бүгінгі күн мерекең.

Ата-аналар арта берсін  берекең,

Баласы үшін бәрін сарқып беретін алғыс айтам бәріңізге бүгін мен! –деп бүгінгі өткізіп отырған мерекелік сайысымызды аяқтаймыз .

 

Сөз кезегі әділқазыларда /әділқазылар әр балаға номинация  бойынша марапатау беріп бір балаға  «Даярлық  сұлтаны» атағын беріледі.

 

Просмотров: 2340


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст