Тақырыбы:
«1желтоқсан- Тұңғыш Президент күні»
Мақсаты: Балаларды Отан сүйгіштігін арттыру, патриоттық сезімдерін ояту, «1-желтоқсан Тұңғыш Президент күні» екенін түсіндіру. Қазақстан Республикасының Президентінің өмір баянымен таныстыру. Біздің президентімізге деген сүйіспеншілігін арттыру. Астана-жас қала, бас қала туралы әңгімелеу. Көркем сөз арқылы тіл байлығын арттырып, байланыстыра сөйлеуге, ойларын жеткізуге білуге, достық қарым-қатынасқа дағдыландыру.
Методикалық әдіс-тәсілі: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, мадақтау, қорытынды.
Алдын-ала жұмыс: «Мұнайшы» мәдениет сарайына, мұражайға, «Дулыға» ескерткішке саяхат.
Көрнекілік: Президент портреті, Қазақстан республикасының рәміздерінің суреттері, елордамыз Астана қаласы туралы бейнетаспа және фотосуреттерді көрсету.
Сөздік жұмыс: Республика, рәміздер, ту, елтаңба, әнұран.
Сабақ барысы:
- Тәрбиеші: Балалар, шеңбер бойына тұрып, алақанымызбен бір-бірімізді ұстайықшы. Бір-біріңізден жылу сезініп тұрсыз ба, балалар? Балалар алақанымызда жылу сезініп тұрмыз дейді.
- Балалар: Қыс мезгілінде үш ай бар. Олар, желтоқсан, қантар, ақпан.
Тәрбиеші: Балалар, бүгін бізде «1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне» арналған тақырыптық оқу қызметі.
Ал , ендеше балалар біздің Республиканың әнұранын орныдайық. (Оң қолымызды жүрек тұсына қойып балалар әнұранды орындайды)
Балалар, Н.Ә.Назарбаев Президент болып сайланғанына 25жыл. Біздің президент біздің Қазақстан үшін көп еңбек етіп келеді. Көптеген мектептер, балабақшалар салынды. Біз осындай бақытты елде тұрамыз. Біздің Президентіміз туралы слайдтан фото сюжеттер көрсету.
Тәрбиеші: Өте тамаша, жарайсыңдар, олай болса менің келесі сұрағыма жауап беріңдерші. Қазақстан Республикасының президенті кім?
Балалар, біздің елдің рәміздерін атаңызшы.
Абылай: Рәміздерім елдігімнің белгісі
Білу керек бала-дағы ең кіші.
Рәміздерім - әнұран, ту, елтаңба
Рәміздерді жатқа білу жөн кісі.
Тәрбиеші: Дұрыс балалар, туымыз көк түсті, ортасында алтын күн орналасқан. Ол, біздің әрқашанда аспанымыз ашық, төбемізде күн жарқырап тұрсын деген мағынаны білдіреді. Күн астындағы қыран құс, ол біздің еліміз биікке, еркіндікке, болашаққа ұмтылсын деген сөз. Ал шетінде қазағымыздың ұлттық өрнегі орналасқан. Мемлекеттік туымыздың авторы – Шәкен Ниязбеков.
Азамат: Айнымайды аспаннан,
Біздің тудың бояуы
Оны халық қанша да,
Биікке іліп қояды.
Тәрбиеші: Бұл балалр, біздер әрқашанда туымызды жоғары көтеріп, қастерлеуіміз керек екендігін айтады. Енді балалар, елтабаңға қараңдар. Елтаңбаңызда, шаңырақты айнала күн сәулесі орналасып, уықтар шыншылған. Адам баласының досы – қос тұлпар және бес жұлдыз, ол біздің барлық жер шарындағы халыққа құшағымыздың ашықтығын білдіреді. Елтаңбаны салған суретші – Жандарбек Мәлібеков аға мен сәулетші Шота Уәлиханов.
Бақытжан: Қатар шапқан қос тұлпар,
Ай астында қазақ үй.
Қалықтаған жас сұңқар
Шарықтаған таза күй
Тәрбиеші: Қандай әдемі өлең-шумақтары. Балалар, мемлекттік тіліміз қандай, кім біледі? Балалар: Мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі.
Альфия: Ана тілін біліп қой,
Еркіндігім, теңдігім.
Ана тілін біліп қой.
Мақтанышым, елдігім
Тәрбиеші: Балалар, Қазақстанның жері өте бай. Мұнай, газ, алтын, күміс және тағыда басқа құнды байлықтар шығады. Осының ішінде халыққа ең қажеттісі – нан. Біз бидайға баймыз. Демек, бұл біздің халқымыз тоқ деген сөз. Біздің ұлы ақындарымыз да көп. Олар: А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, Ж.Жабаев, М.Әуезов және т.б. Осы аталарымызды қадір тұтатын, өсиеттерін өнеге ететін, тәуелсіз еліміздің болашақ жұлдыздары – Сіздерсіз! Сондықтан үлкендерді сыйлап, кішілерге ізет көрсетің. Бәріне үлгі болыңдар. Ал ендеше балалар, бүгінгі тақырыптық оқу қызметімізді қортындылайық.
- Балалар:«1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне» арналған тақырыптық
оқу қызметі болды.
- Тәрбиеші: Не туралы әңгімелестік?
Балалар осымен тақырыптық оқу қызметіміз аяқталды, оқу қызметке өте жақсы қатыстыңдар.