Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімінің жаныңдағы Сараба ауылының"Балапан балабақшасы" МҚКК
ГККП "Детский сад Балапан" с. Сараба при отделе образования по Аршалынскому району управления образованмя Амолинской области

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қош келдің,Жаңа жыл! ертеңгілік

22.01.2025

Музыка әуенімен балалар қолдарына жылтыр қарлармен

би қимылдарын жасап кіреді, билеп болған соң жарты шеңбер болып, шыршаның қасына барып тұрады.

Жүргізуші:- Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар! Сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүрекпен құттықтаймыз.

Жүргізуші: - Балалар, қарандаршы, біздің бөлмеміз әдемі безендірілген, біз бүгін Жаңа- жыл мерекесін тойлаймыз. Бізге көптеген қонақтар келіпті,шыршаға әдемі ойыншықтар

ілініпті.

Жүргізуші:-Балақайлар,

карандаршы шыршамызда

қаншама ойыншықтар, тәтті

кәмпиттер ілінген. Осы әсем

шыршамызға әдемі әнімізді тарту

етеміз.

Арғы жақтан есік кағылады.

Жургізуші: - Балалар мерекемізге

конақтар келген сияқты.

Т                                   Аяз ата мен Акшакар кіріп келеді.

Аяз- Ата: Амансындар ма,

балалар?

Сәлеметсіңдер ме, конақтар?

 

 

 

Балаларым, балғыным

Өмір гүлім шалғыным.

Тілегенім жыл бойы,

Сендердің деңсаулықтарын!

Ақшакар:- Балалар, мені

таныдындар ма? Мен Аяз атаның

немересі Ақшақармын!

 

Аяз-ата- Ой, балалар шыршаларын

қандай әдемі, керемет!

 

Жүргізуші:

Қандай керемет Ақшақардың ұлпадай аппақ сіңілілері келіп қалыпты,Келіңдер ортаға билейік.

Жүргізуші: Аяз ата сіз ұзақ жолдан

шаршаған боларсыз, отырып

демалыңыз. Ал, ақшақар біздің

аппақ қыздарымызбен би билеп

көңіл көтерсін.

Би: «Ұлпа қарлар» қыздар биі

Ойын:                  

«Шыршаның шамдарын жағу»

Ойынның шарты: Ақшакар

балалармен қол соққанда шырша

шамы жанады. Ал, үрлеген кезде

шырша шамы сөнеді. Ойынды үш

рет қайталау.

 

Жүргізуші: Қане балалар енді

әдемі,әсем шыршамызға әнімізді

арнайық.

Ән хоровод:                     

«Орманда шырша өсіпті»

Би:

“Суретші Маша”

Жүргізуші: Балалардың тақпақтарына кезек берейік.

 

Әлиасқар:  

Аяз ата келіп тұр,

                   Бізге сәлем беріп тұр.

                   Сақалының ұзын-ай,

                   Кесіп алсам шіркін-ай!

Ариана: 

                  Безендіріп шыршаны,

                  Жыл қуантты баршаны.

                  Той маскарад басталды,

                  Аяз оны басқарды.

Амина: 

                Аппақ тоңға оранып,

                Базарлықты мол алып.

                Келді алыс сапардан,

                Аяз ата оралып.

Бағлан:

               Жаңа жыл,жаңа жыл,

               Жаңа жылға жаңа жыр.

               Жасыл шырша жанында

               Билеп барлық бала жүр.

Нұрболат:

                Ақ қырауға малынған,

                Сақалы да мұртты да.

                Аяз ата келіп тұр

               Салем беріп тұр.

Айкөркем:

                 Жаңа жыл келгенде,

                 Қуанып қарсы аламыз.

                 Аяз ата келгенде

                 Билейміз,ән саламыз.

Асылым:

                 Аяз ата келіп тұр,

                 Маған сәлем беріп тұр.

                 Тақпақ айтқан балаға,

                 Кәмпитерін беріп тұр.

Нұрай: 

                 Біздің балабақшада,

                 Шырша тойы болады.

                 Аяз ата!Ақшақар!

                 Біздермен мәз болады.

Айсана:

                 Аяз ата келіңіз,

                 Дайын сізге төріміз.

                 Тақпақ айтам,ән айтам,

                 Сыйлығымды беріңіз.

Ақкербез:

                 Аяз ата тыңданыз,

                 Тақпақ айтып берейін.

                 Ортамызда шыршамыз,

                 Ойнап бірге,күлейік.

Мағзум:  

 Аяз ата келді,

                 Бізге сәлем берді.

Мансур: 

                Келіңдер,келіңдер!

                Тақпақ айтып беріңдер.

                Құтты болсын жаңа жыл.

 

                                     

Жүргізуші: Балалар қарандар Аяз ата ұйықтап қалды. Ол алыстан

келемін деп әбден шаршаған ғой.

Ой, балалар тыныш, тыныш.

Қасына барайык, келіңдер

жақындайық. Қанекей балалар Аяз

атаны оятайық.

Ойын: «Аяз атаны ояту»

Ойынның шарты: Қане балалар қолымызды қатты соғып,

аяғымызды топылдатайықшы аяз

ата ұйыктап қалыпты.

Алақанымызбен қаттырақ соғайық.

/Ойын 3 рет кайталанады/

Аяз ата:-(оянып кетеді)

Жургізуші:- Келіңдер балақайлар!

Аяз атаны ортаға алып ән айтайық.

Ән:

«Жасыл шырша жанында»

Би:

 Ұлдар биі “Поппури”

Аяз- ата: Тамаша, керемет.

Жарайсыңдар балалар бүгін сондай

қуанышты мереке болды.

Ақшакар: Аяз-ата сіз ештене

ұмытып кеткен жоқсыз ба?

Аяз-ата- Жок мен ештене

умытқаным жоқ. /ойланып/

Балалар ән айтты, балалар мен

бірге шыршаның шамын жақтым,

тақпақтарын тындадым, ойын-

ойнадық. Жоқ ештене ұмытқаным

жоқ.

Ақшакар- Балалар айтындаршы

Аяз-ата сендерге не беруі керек?

Балалар- Сыйлықтар!!!

Аяз ата:- Ой, ой, ой кәрі басым-ай, балаларға сыйлықтарын беруді ұмытып кетіппін ғой. Қане қызым

Ақшакар алып кел сыйлықты.

Жургізуші:- Біз өнерлі баламыз,

Ертен-ақ өсіп толамыз.

Атамыздың сыйлығын,

Рахмет айтып аламыз.

Бәрі бірге: РАХМЕТ!

Аяз ата- Ал, балаларым тағыда

Жаңа жыл құтты болсын. Енді

біздінде қайтатын уакытымызда болып қалды. Себебі, өздерін секілді балалар өнерлерін  дайындап, сыйлықтарын алуға асығып отырған болар.

 Келесі

жылы кездескенше қош сау

болындар!

Балалар- сау болыңыздар!

Жургізуші: - Би-биледік,жыр-

жырладық,

Кызығына тоймадық.

Достарменен ойнадық,

Жаңа жылды думандатып

тойладық!

 Ал, құрметті қонақтар осымен мерекелік

ертеңгілігімізді «Шыршаға

бардық»- әнімізбен аяқтаймыз.

Келесі мерекеде кездескенше Қош-

сау болыңыздар!

Ән: «Шыршаға бардық»

Просмотров: 282


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст