Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімінің жаныңдағы Сараба ауылының"Балапан балабақшасы" МҚКК
ГККП "Детский сад Балапан" с. Сараба при отделе образования по Аршалынскому району управления образованмя Амолинской области

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ата-аналар жиналысы "Балабақша мен отбасы"

05.11.2024

Ата - аналар жиналысы.
Тақырыбы: «Балабақша мен отбасы»

Мақсаты: Ата - аналардың өзара қарым - қатынасын жақсарту. Балабақша өмірімен таныстыру, тәрбиешімен дұрыс қарым - қатынаста болу. Психологиялық кеңес, ағарту жұмыстарын жүргізу.

Көрнекілігі: Музыка жазылған үнтаспа, қағаз - қаламдар, балалардың суретері,жіп және стақандар.

Шаттық шеңбері:
Ата - аналарды қолымыздан ұстап, шаттық шеңберіне тұрғызу. Мен сіздермен кездескеніме өте қуаныштымын. Қане, бәріміз бір - біріміздің қолымыздан ұстап шеңбер құрайық. Осы дөңгелек шеңберді неге шаттық, жылулық шеңбері деп атаймыз? Қалай ойлайсыздар. Шеңберге тұрудың үлкен бір қасиеті бар. Шеңберіміз көктегі жылу беретін күн сияқты дөңгелек. Шеңберге тұрып, бір - бірімізді жақсы көре аламыз, жақсылық пен жылулығымызды сыйлай білуге үйренеміз. Міне, сондықтан бұл шеңберді жылулық, шаттық шеңбері деп атаймыз. Енді бәріміз жақсылық тілеп, шаттана қуанып, күлкімізді сыйлайық.
Тренинг:
1.Ойын; “Көзіннен танимын”

Ата-аналар балаларын тек көзіннен тауып алу керек.

  • ”Пирамида жасау” командалық ойын.

Ата-аналар екі топқа бөлініп  жіптермен стақандардан  пирамида құрастырады.Қай топ  бірінші құрастырады,сол топ ұтады.

  • Тренинг: “Қоқыс жәшігі”
  • Ата-аналармен балабақша жайлы әңгімелеу және сұрақтарды шешу.

-Балабақша төлемі жайлы

-Балалардың деңсаулығы жайлы

-Балалардың тазалығы жайлы

-Ата-аналардың ертеңгілікке қатысулары

-Ата-аналардың комитетін сайлау.

Қатысқан Ата-аналар:15

Қатыспағандар:6

Просмотров: 715


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст